Қазақ тіліндегі тілек, мақсат мәнді сөйлемдердің жасалу жолдары
Ключевые слова:
грамматикалық тұлғалар, қалау, тілек, мақсат, арман, өтініш мәндері, тіркес, қосымшалар, мағына, реңк, ғылыми еңбектер.Аннотация
Көптеген грамматикалық тұлғалар тілек, мақсат, арман, өтініш сияқты мәндерінде қолданылады. Тіл жүйелерінің түрлілігі қалау, тілек мағынасының берілу жолдарын, олардың өзара айырмашылықтарын, семантикалық, стильдік ерекшеліктерін зерттеуді қажет етеді. Мақалада -а, (-е) көр (көрме) форманты, (-ар, -ер, -р) жұрнағы мен еді көмекші етістігінің тіркесі, -са (-се) де тұлғасы, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі жұрнағы, -лы (-лі) және -ң (-ың, -ің) қосымшалары, -сана тұлғасы жайлы зерттеулерге талдау жасалады.
Қалау рай парадигмасына кірмейтін осы грамматикалық тұлғаларға жеке-жеке тоқтап, мысалдар арқылы қандай мағынада және қандай реңкте беріліп тұрғаны қарастырылады. Сондай-ақ, зерттеу нәтижелері арқылы кейбір тұлғалардың ауызекі сөйлеу тілінен ығыстырылып, тек көркем әдебиетте қолданылатындығын сөз етеді.
