Әулиелі, киелі жерлерге табыну салтына қатысты фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипаты

Авторлар

  • G. К. Rysbayeva Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Кілт сөздер:

әулиелі, киелі жерлер, киелі жерлерге сыйыну, әулиеге табыну салты, пайғамбар, періште, хор қызы.

Аңдатпа

Мақалада түркі халықтарының фетиштік қалдықтары, әулиелі, қасиетті орындарға, киелі жерлерге сыйыну, әулиеге табыну салты жайлы айтылады. Әулие культіне байланысты фразеологизмдер және пайғамбар, періште, хор қызы сөздерінен туындаған культтік фразеологизмдердің этнолингвистикасы талданады.
Халықтың көптеген ырымдары фетиштік қасиеті бар әулиелі, киелі жерлерге табыну салтына байланысты. Қазіргі діндердегі әулие ұғымы алғашқы қауымдағы адамдардың ата-бабаға табынуынан шыққан. Әулиеге табыну ислам, христиан діндерінде көп тараған. Әулиелерге табыну ата-бабалар әруақтары мен киелі жерлерге табынумен тығыз астарласып кеткен. «Әулие» деп аталатын мекендер өте көп. Сайрам қаласында ондаған «әулие» жерлер бар. «Сансыз бап» деп аты шыққан мұндағы көп «әулие» жерлердің бірі біздің заманымыздың ХІ ғасырының соңы мен ХІІ ғасырдың басында өмір сүрген дінбасылары. Әулие культіне байланысты әулие болса, әулие тұтты, кімнен әулие еді, әулиеден әулие қоймады, әулиеге сыйну, әулиеге түнеді, әулие-әнбие, әулие ата, әулиесу, әулиеден сұрау, әулие ағашқа шықты, әулие алдында, әулиешілік, әулиелі және т.б. сөздер мен сөз тіркестері пайда болған. Сонымен қатар, «пайғамбар, періште, хор қызы» сөздерінен туындаған культтік фразеологизмдердің қолданысы туралы да айтылады.

Жүктеулер