Сөйлем үлгісі (моделі) – сөйлем құрылымын анықтаудың негізгі бірлігі

Авторлар

  • B. Shalabay әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Кілт сөздер:

сөйлем үлгісі, сөйлем құрылымы, сөйлемнің құрылымдық-мағыналық компоненттері, сөйлем типі, сөйлем түрлерін топтастыру, сөйлем типологиясы, сөйлемнің компоненттік құрылымы.

Аңдатпа

Мақалада сөйлем құрылымын сипаттаудың негізгі бірлігі ретінде сөйлем моделі ұғымы қарастырылады. Сөйлемнің синтаксистік қызметіне оның синтаксистік формасы сәйкес келе бермейтіні, ол үшін сөйлеу кезінде синтаксемалардың категориалдық-семантикалық мағыналарын бейнелейтін сөйлемнің құрылымдық- мағыналық компоненттерін негізге алу қажеттігі сөз болады.Басқаша айтқанда, сөйлем моделін анықтауда оның компоненттерінің мағыналық-грамматикалық сипаттамасы басшылыққа алынатыны мысалдар арқылы дәйектеледі. Мақалада осы сала мамандарының пікірлерін басшылыққа ала отырып, сөйлем моделі ұғымының анықтамасы беріледі және оның негізгі ерекшеліктері ашылады.
Сөйлем моделі тілдегі барлық сөйлем түрлерін топтастырудың тұлға-бірлігі ретінде алынады. Модель құрамында оның ішкі құрылымында барлық модельдерді біріктіретін жалпыграмматикалық предикативтік мағынасы емес, ал басты компоненттерінің формасы мен мағынасындағы айырмашылықтар мәнді.
Осы негізде қазақ тіліндегі сөйлем моделдерінің негізгі типтері ұсынылады.

Жүктеулер

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары