Әдеби портреттегі бейнені сомдау әдістері
Кілт сөздер:
әдеби кескін, пафос, публицистика, этюд, өмірбаяндық бастама.Аңдатпа
Мақалада Гончаровтың «Белинский тұлғасы туралы естелік» әдеби кескіннің аяқталған көркем формасына айналмаған құбылыс ретінде қарастырылады. «Естеліктің» лирикалық сюжеті тұжырымдама тұрғысынан құрылған, өйткені Белинский эстетикасының басты ұғымдарының бірі – пафос немесе «поэтикалық идея» ұғымын түсіндіруге бағытталған. Гончаров Белинскийдің «поэтикалық идеяға» көзқарасының даму сипатын сыншы дүниетанымымен, оның өмірімен тығыз байланыста қарастырады. Гончаров «Естелікте» Белинскийдің бейнесін сомдай отырып, жанама кескіндеуді қолданады. Гончаровтың 70-80 жылдардағы публицистикасы жазушының көзі тірісінде жарық көрген және жарық көрмеген шығармаларды құрайды. Олар жанрлық тұрғыдан әр түрлі. Гончаров «этюдтілікті» публицистік мақалаларының өзгешелігін анықтау үшін бірнеше рет қолданады. Гончаровтың түсінуі бойынша, бұл – бүркемелеген мағынаны жарыққа шығару энергиясы бар аяқталымдылықтың ерекше бір түрі. Оларды байланыстыратын нәрсе – мұнда жазушы Белинскийдің ұдайы толғанстарының пәні болған көркем шынайылық пен өнер туралы өз ойынтұжырымдайды. Жазушы публицистикасының мәнмәтініне енгізілген Белинский туралы этюд қосымша көркем мағынаға ие болады.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Әдебиеттану
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Әдеби портреттегі бейнені сомдау әдістері. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 159(1). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1819








