Антонимдердің мәтін түзімдегі қызметі
Кілт сөздер:
антонимдер, стилистикалық құрал, мәтін, сөз қолданыс, мәтінтүзім, мәнерлі, образды суреттеме, мағыналық, әсерлілік.Аңдатпа
Мақалада антонимдердің стилистикалық құрал ретінде көркем әдебиет мәтінінде кең пайдаланылатыны, сөзқолданыстағы ең маңызды тұстарды ерекшелеуге, айрықша көңіл аудартуға қызмет ететіндігі туралы айтылған. Антонимдердің мәтінтүзімдегі қызметінде, әсіресе, олардың қос сөз түрінде жұмсалуы сөйлемнің әр-ажарын көріктендіріп, мазмұнын толыққанды ете түсетіндігі сипатталған. Оларды шебер қолданудың нәтижесінде айтылатын ой мейлінше ашық-айқын, мейлінше мәнерлі болып бейнеленеді. Антонимдердің мәтінтүзімде сөйлемнің экспрессиялығын арттыратындығы, оқырманға шығармамен танысуына жетелейтін образды суреттеме жасайтыны, алдағы болар оқиға мазмұнынан контрасты суреттеме, баяндау арқылы хабар беретіні және көркем мәтіннің семантикалық колоритін танытатындығы, кереғар ұғымдарды қолдану арқылы философиялық ой түйіндеуге негіздейтіндігі, мағыналығымен, әсерлілігімен оқырманын ойлантуға жетелейтіндігі талданған.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Тіл білімі
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Антонимдердің мәтін түзімдегі қызметі. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 159(1). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1844








