И.П. Шуховтың «Колокол» повесіндегі сюжет желісі мен композициялық ерекшеліктері
Кілт сөздер:
сюжет, сюжет желісі, композиция, балалық шақ, қоңырау, сюжет құрылымы, баяндауАңдатпа
Мақалада И.П. Шуховтың «Колокол» повесіндегі сюжет желісі мен композициялық ерекшеліктері талданады. Балалық шақ, бал кезеңнің небір тәтті сезімдері шығарманың өн бойынан көрініс табады. Балалық кезеңді суреттеуде жазушы шеберлігін, ХХ ғасыр басындағы тұлға тәрбиесінің ерекшеліктері мен жолдарынан хабардар етеді.
И.П. Шухов шығармасында ішкі, сыртқы, көпқырлы және бірқырлы сияқты сюжеттің әр түрін аңғаруға болады, үлкен өмірлік маңызы бар канондық элементтер негізін, шындық әлемін суреттеудегі негізгі шиеленіскен мәселелерді де анықтауға болады.








