Астана эргонимдеріндегі тілдік ойын қала тұрғынының тілдік санасындағы навигацияның ақпараттық-коммуникациялық ресурсы ретінде
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh203320268Аңдатпа
Мақалада алғаш рет тілдік ойын элементтері бар Астана қаласының эргонимдерінің ерекшеліктері қарастырылады. Эргонимия мәселелері ресейлік және қазақстандық лингвистер тарапынан белсенді түрде зерттеліп келе жатқанына қарамастан, қазақстандық мегаполистің эргонимикалық кеңістігін осы қырынан сипаттау қаланың лингвистикалық ландшафтының фрагменті ретіндегі коммерциялық нысандарды атау ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді.
Мақалада эргонимикалық кеңістікті сипаттауға арналған ресейлік және қазақстандық лингвистердің еңбектеріне шолу ұсынылады, ал салыстырмалы талдаудың нысаны ретінде эргонимдердің қызмет ету ерекшелігі тұрғысынан ресейлік және қазақстандық қалаларда қолданылуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау алынады; айырмашылық еркіндік пен креативтілік деңгейінде көрініс табады: ресейлік қаладағы ойын сипатындағы эргонимдерге модельдерді таңдаудағы үлкен еркіндік тән болса, қазақстандық қалаларда стереотиптілік басым.
Зерттеудің жетекші әдістері ретінде лингвистикалық талдау тәсілдеріне (морфемалық, сөзжасамдық) сүйенетін сипаттамалық әдіс, салыстырмалы-салғастырмалы және дискурсивтік әдістер қолданылды. Қазақстандық қалалардағы эргонимдердің басты ерекшеліктерінің бірі – көптілділікке бағдар және орыс-ағылшын, қазақ-ағылшын қостілділігіне негізделген модельдердің басымдығы болып табылады, бұл Қазақстандағы тілдік жағдайдың ерекшеліктерімен айқындалады.
Астана қаласының эргонимикалық кеңістігі көптілділікке (орыс, қазақ, ағылшын) ие тілдік тұлғаға бағытталған, оған полиэтникалылыққа бағдар мен өзге мәдениет өкілдеріне толерантты қатынас тән. Зерттеу тілдік ойын элементі бар эргонимнің көпмәнді бірлік ретіндегі рөлін көрсетіп, оның қала тұрғынының тілдік санасында кеңістікті эмоциялық-психологиялық тұрғыда «игеру» тетіктерін іске қоса алатынын дәлелдеді.
Астанадағы тілдік ойын элементтері бар эргонимдерді зерттеу визуалды-графикалық құралдардың эргонимикалық модельдерде үстемдік ететінін көрсетті: бір жағынан, олар тұтынушының шешім қабылдау үдерісінде тілдік санаға манипулятивтік ықпал ету құралы ретінде қызмет етсе, екінші жағынан, онимикалық кеңістікті құқықтық нормалар мен талаптарға бейімдеудің заңдастырылған мүмкіндігі болып табылады. Тілдік ойын элементтері бар Астана қаласының эргонимикалық кеңістігі қазақстандық мәдени бірегейлікті трансляциялаушы ретінде танылады.
Түйін сөздер: навигация, эргоним, тілдік ойын, ономастикалық қалалық кеңістік, ономастикалық сана.







