Тағы да XV-XVIII ғасырлардағы жырау репертуарының жанрлық сұрағы, оның генезисі мен эволюциясы
Кілт сөздер:
жырау, жанрлық репертуар, генезис, эволюция, стиль, меритократия, жыршы типі, эпос, мадақ, әлеуметтік қызметтер, әлеуметтік мәртебе, әскери демократия.Аңдатпа
Мақалада XV-XVIII ғасырлардағы түркі эпостануының – генезис аспектісіндегі батырлар жыршысының жанрлық репертуарының жарыққа шығуы және оның жеке жанрлары мен тарихи эволюциясының күрделі мәселесі зерттеледі. Тайпаның рухани көсемі бола отырып жұрт алдында сөйлеуі, жоғары әлеуметтік мәртебеге ие болып, батырлар жыршысы «киелі өсиеттің» қорғаушысы болған, және ол кеңес ғылымында «патриархалды және феодалды-бай жыршының болмысы» ретінде қарастырылған. 60-жылдардың ортасында осындай айқын көркемдік құбылыс жаңа ұрпақтың ғалымдарымен: Е. Тұрсынов, М. Мағауин, А. Әбілқасымов, С. Негимов және басқа да зерттеушілермен, олардың заманауи тәсілдері және жаңаша әдістерімен жан-жақты зерттеле бастады. Сонымен, айталық, Е.Тұрсыновтың белгілеген батырлар жыршысының мақтау өлеңдері қайтыс болған батырларға ас беру барысында құрылатынын ескерсек, біз өзінің ерекше стилистикасы мен поэтикасын, әдет-ғұрыптық қызметтерін, салттық этика мен эстетикасын, біздің көзқарасымызбен тығыз байланысты меритократия қағидалары – «таңдаулылардан», «ізгілерден», «білікті абыздардан» шығармашылық мақамындағы жыраудың ұлғайған жанрлық кешенін жеткілікті аламыз. Бұл мақтау өлең (мадақ өлең) болашақ батырлар аңыз әңгімесінің құрылуына маңызды құрылымдық компонент болды.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Әдебиеттану
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Тағы да XV-XVIII ғасырлардағы жырау репертуарының жанрлық сұрағы, оның генезисі мен эволюциясы. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 153(1). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1458
