Ахмет Байтұрсынұлының қайраткерлік ғұмырбаянындағы ағартушылық мұраттар
Кілт сөздер:
«Қазақ» газеті, азаттық, ағартушылық мұрат, поэзия, қазақ әдебиеті, түрікшілдік идея, мұсылмандық ағартушылық.Аңдатпа
Мақалада Ахмет Байтұрсынұлының азаттық күрес ұстанымдары, «Қазақ» газеті арқылы азаттық, ағартушылық мұраттарды өрістету өнегесі зерделенеді. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде түрікшілдік идеяның көрініс табуын алғаш рет мақсатты, жүйелі зерттеу ауқымында тарихи алғышарттар, мұсылмандық ағартушылық, жәдитшілдік ықпалы, Ресей түркілерінің азаттық күрес ұстанымдары мәнінде көркемдік таным зерделеу болып табылады.
Қазақ әдебиеті тарихының елеулі кезеңі – ХХ ғасыр басындағы әдеби дамудың айқын көркемдік өрісі – поэзиядағы түрікшілдік идея нақты ақындардың әдеби мұрасы ауқымында талдауға тартылып, жинақтаушылық мәнде сараланды. Жалпытүркілік-жалпыадамзаттық азаттық мұраттардың рухани кеңістіктегі көркемдік, тарихи-әлеуметтік әлеуеті айқындалды.
