Қазақ терминологиясының қалыптасу кезеңдері

Авторлар

  • А. Ж. Амиров Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Б. И. Досанов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • А. К. Бисенбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

термин, қазақ терминологиясы, шет тілі терминдері, ұлт тіліндегі терминдер, жаңа атаулар, халықаралық терминдер, сөз қолданыстары, терминология мәселесі.

Аңдатпа

Терминдердің қалыптасу үдерісіндегі ерекшеліктерге әр кезең тұрғысынан баға берілді. Қоғам өмірінде болған саяси-мәдени өзгерістер жаңа атаулардың, терминдердің пайда болуына, жасалып, қалыптасуына әсер ететіні белгілі. Термин қалыптастырудың алғашқы кезеңінде терминдерді аударудың алғашқы қадамы енді ғана жасала бастағаны, осы себепті де бұл кезеңде ұлт тілінде жасалған терминдердің басым көпшілігі сәтті жасалмай, қолданыстан шығып қалып отырғаны жөнінде сөз болады. Екінші кезеңде орыс тілі не орыс тілі арқылы енген шет тілі терминдерінің барлығы дерлік қазақ тіліне аударылып, ал аударылмағандары дыбыстық ерекшеліктерімізге сай икемделіп алынғаны нақты мысалдармен дәлелдеп көрсетілді. Қазақ терминологиясы қалыптасуының үшінші кезеңінде сол кезеңдегі тіл саясатына орай орыс тілі мен совет халықтары тілі арқылы еніп жатқан халықаралық терминдердің негізінен аударылмай берілгені айтылды. Ал соңғы төртінші кезеңінде терминология мәселесіне ұлттық мүдде тұрғысынан жаңаша қарау талап етілді, соның негізінде терминдердің көпшілігі ұлт тілінде жасалып, қалыптасып жүргендігі жан-жақты қарастырылды.

Жүктеулер

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары