Қазақ ертегілерінің психолингвистикалық сипаты

Авторлар

  • S. Dzanseitova Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
  • G. Suleyeva Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
  • А. Mashimbayeva Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

Кілт сөздер:

қазақ ертегілері, психолингвистика, эмоция, медитациялық транс, фонема, интонациялық қарқын, вербалдылық, бейвербалдылық, таным.

Аңдатпа

Қазіргі таңда ұлттық құндылықтарды лингвистикалық тұрғыда зерттеу өзекті мәселеге айналды. Өйткені, қазақ этносының тарихы мен салты, тыныс-тіршілігі тілдік деректерінде сақталған. Қазақ әдебиетіндегі ауызша әдеби жанрлардың бірі – қазақ ертегілері. Қазақ ертегілері – қазақ фольклорының аса бай жанры ретінде бүгінгі ұрпаққа жетіп, жас ұрпақ психологиясының дамып-жетілуіне, ой-өрісінің қалыптасуына зор әсер еткен. Ертегінің сандық жағынан ғана молдығы емес мазмұндық құрылымының да бай болуы түрлі оқиғалар кеңістігіне жетелейді. Сол арқылы кейіпкерлерінің көптігіне кез келген ертегі тыңдаушы қанық бола алады. Аталған мақалада ертегілер психолингвистикалық сипатта қарастырылған. Ертегілердің тыңдаушының ой-қиялын кеңейтуге, өз пікірін ұтымды жеткізе білуге, тілдік бірліктер арқылы түрлі адамдық мінез-құлықтарды ажырата білуге маңызды әсер ететіндігі мысалдар арқылы талданады. Жасөспірімнің ертегі тыңдау қажет екендігін, сол арқылы бүгінгі бала – ертеңгі тұлғаның дамуына этностық, психологиялық, суггестиялық ықпалдарының зор болатындығы туралы ой қозғалады.

Автор өмірбаяны

  • G. Suleyeva, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
    Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

Жүктеулер