Интерпозициялық оңашаланған бірыңғай анықтауыштар
Кілт сөздер:
интерпозициялық оңашаланған бірыңғай анықтауыштар, синтаксистік айқындамалар, анықталатын сөзді түсіндіру тәсілдері, екі бағыттағы байланыс, пысықтауыштық сипат, анықтауыштық қатарлар, қосымша (факультативті), пунктуациялық нұсқалар.Аңдатпа
Мақалада интерпозициялық оңашаланған бірыңғай анықтауыштар зерттелген. Сөйлемдегі синтаксистік қызметіне қарай екі топқа бөліп қарастырған. Мақала авторы анықталатын сөздердің қызметін көрсеткен, сын есімдерге жанасатын көсемшелі оралымдарға көңіл аударған, анықталатын сөздердің берілу тәсілдерін талдаған, анықталатын сөз бен интерпозициялық оңашаланған бірыңғай анықтауыштар арасындағы қиысудың бұзылу жағдайларын анықтаған. Бұдан басқа интерпозициялық оңашаланған бірыңғай анықтауыштардың ерекшеліктері сипатталған – олардың екі нақты байланысы, демек анықталатын сөз бен баяндауыш арасындағы байланыс қарастырылған, бұл пысықтауыштық сипатқа алып келеді. Анықтауыштардың басқа түрлері мен анықтауыштық қатар түзетін зат есімдердің біркелкі емес қатарларының құрылу мәселесі қарастырылған, интерпозициялық оңашаланған бірыңғай анықтауыштардың қабілеттілігі көрсетілген. Қосымша (факультативті) және пунктуациялық нұсқалар жиі қолданылатын интерпозициялық оңашаланған бірыңғай анықтауыштардың тыныс белгілерін қою мәселесіне баса назар аударылған.








