Сүйінбай – айтыс өнерінің жұлдызы
Кілт сөздер:
Сүйінбай, Қаңтарбай, Жантай, Майлықожа, Мұхтар Әуезов, тарихи-функциональды, тарихи-генетикалық әдістер.Аңдатпа
Қазақ халқының ХІХ ғасырда өмір сүрген ұлы ақыны, импровизаторлық өнердің өрен жүйрігі Сүйінбай Аронұлының туғанына 2015 жылы 200 жыл толады. Осы айтулы мерекенің қарсаңында біз Сүйінбай ақынның шағын көлемді айтыстарын талдап ұсынуды мақсат еттік. Өйткені бұған дейін, негізінен, Сүйінбайдың Тезек төремен және қырғыздың атақты ақыны Қатағанмен болған көлемді, ірі айтыстарына көп көңіл бөлінді де, ал шағын айтыстары назардан тыс қалып келді. Аталған мақалада біз осы бір олқылықтың орнын толтыруға күш салдық. Сөйтіп ұлы жыраудың қазақтың аты көпке мәлім Қаңтарбай, Жантай, Майлықожа сынды жыр жүйріктерімен қысқа-қысқа қағысқан, сөз таластырған, жауаптасқан мөлтек айтыстарын жан-жақты саралап шықтық. Нәтижесінде қалың ел айтқандай, майталман жазушымыз Мұхтар Әуезовтің оны «Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деп дәріптегеніндей, Сүйінбайдың шынында да алдына жан салмаған азулы айтыскер ақын екендігіне көз жеткіздік. Және де ақынның тілі суретті, бейнелі, өте көркем болып келетіндігін байқадық. Мақаланы жазу барысында тарихи-функциональды, тарихи-генетикалық зерттеу тәсілдері қолданылды.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Әдебиеттану
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Сүйінбай – айтыс өнерінің жұлдызы. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 153(1). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1488
