Ағылшын тілді балалар әдебиеті зерттелуінің бүгінгі таңдағы өзекті мәселелері

Авторлар

  • Д. С. Розиева Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

Кілт сөздер:

ағылшын тілді әдебиет, балалар әдебиеті, балалар ақын-жазушылары, ағылшын балалар әдебиеті тарихы, американ балалар әдебиеті зерттеушілері.

Аңдатпа

Мақала ағылшын тілді балалар әдебиеті туралы жалпы мәліметтер мен бірге әдебиеттің осы саласының бүгінгі даму сатысына жету себептерін талқылаған. Автор алдымен балалар әдебиеті анықтамасын беруде көптеген зерттеушілер пікірлері қарастырып, олардың әрқайсысына жеке тоқталған және осы ұғымға түсінік беруде отандық, кеңестік, тіпті шетелдік әдебиетшілердің көзқарастары мен пікірлерін жете қарастырған. Бүгінгі қоғамда әдебиеттің ішінде балалар әдебиетінің рөлі мен орны туралы кең тоқталып өз талдауларымен бөліседі. Балалар әдебиеті жүйесіне тоқталып, нақты балалар әдебиеті анықтамасын қарастыруда көптеген мысал, анықтамаларға сүйенеді. Ағылшын тілді балалар әдебиеті оның ішінде ағылшын және американ балалар әдебиетінің қалыптасу тарихын сонау халық ауыз әдебиеті тұсынан қазіргі заманғы өкілдеріне дейінгі болған тарихи аралыққа шолу жасайды және ондағы өзгерістер, қиындықтар мен даму туралы көптеген мәліметтер береді. Автор заманауи ағылшын тілді балалар әдебиеті зерттеушілері еңбектеріне сүйене отырып, бүгінгі таңдағы ағылшын тілді балалар әдебиеті жағдайы баяндалынса, кеңестік балалар ақындары, зерттеушілері, аудармашылары тарапынан ағылшын тілді балалар әдебиетінің өзге ұлт балалар әдебиетіне әсері мен дамуына қосқан үлесі туралы кеңінен тоқталады.

Жүктеулер

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары