Түркі халықтарының эпикалық жыр айтушылар типологиясы
Кілт сөздер:
фольклор, жыршы, жырау, фольклорлық мұра, эпос, термеші.Аңдатпа
Мақалада қазақ халқының жыраулар поэзиясы – қазақ этно-мәдени дамуының ең бір шешуші, кульминациялық кезеңі, тарих сахнасына «қазақ» атымен шығып, дербес хандық құру кезеңін сипаттайтын терең рухани құбылыс екені талданады. Қазақтың өлең, жыр айтушыларының барлығын бірдей суырып салып айтушы ақын деуге болмайды. Ақындық өнердің тарихы бар, заманына, дәуірлеріне қарай әртүрлі атануы бар. Өлең-жыр шығарып, не жаттап айтушыларды қазақ ақын ғана демеген, одан басқа өлеңші, жырау, жыршы деп те атаған. Бұлардың ақыннан айырмасы бар ма, бөлек көрінетін ерекшеліктері қандай? Қазақ фольклорын жасаушылардың өзгеше танылатын қасиеттері қайсы? Ақын дегеніміз кім? Өлеңшінің ақыннан өзгешелігі бар ма? Жырау, жыршылар кімдер? Енді осындай өнер өрістерін анықтайтын, олардың айырым, ерекшеліктерін белгілейтін тоқтам-тұжырымдар да керек.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Әдебиеттану
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Түркі халықтарының эпикалық жыр айтушылар типологиясы. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 155(3). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1493
