Коммуникативтік сәтсіздік жағдайындағы сөйлеу тәртібінің кейбір гендерлік ерекшеліктері

Авторлар

  • А. Е. Исмагулова Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова

Кілт сөздер:

гендер, коммуникативтік сәтсіздік, қарым-қатынас, сөйлеу тәртібі, тілдік жағдаят.

Аңдатпа

Берілген мақалада коммуникативтік сәтсіздік жағдайында полилогта болатын ер адам мен әйел адамдардың ауызекі сөйлеуінің кейбір лингвистикалық мәселелері қарастырылады. Автор гендерді білдіретін тілдік құралдарды және тілдік қарым-қатынас аясында тұлғалардың мінез-құлқында және олардың тілдегі көрініс табуын көрсеткен. Жағдаяттық-рөлдік қарым-қатынас тілдік тұлға мен оның қоғамдағы жағдайына тән тілдік нормалармен және сөйлеуші мен арасындағы өзарақатынас сипаттамасымен анықталады. Автор ер адам мен әйел адамдардың қарым-қатынас стильдерінің құпия стереотиптерін, белгілі жағдайда сөйлеу тәртібінің көрініс табатын әлеуметтік мінездемелерді сипаттайды. Автор сөйлеу тәртібі мен құзыретінің гендерлік әлеуметтік фактор сияқты құпия және психофизикалық стереотиптерге тәуелді және гендер тілдік қарым-қатынас аясында сөйлеу тәртібінің доминанты ретінде қызмет атқарады деген қорытынды жасайды.

Жүктеулер