Орыс махаббат лирикасындағы «жалғыздық» лингво-мәдени концептісінің тілде көрініс табуы

Авторлар

  • Г. А. Кажигалиева Казахский государственный женский педагогический университет

Кілт сөздер:

концепт, жалғыздық, бейнелілік, көркемдік жағынан көрініс табу.

Аңдатпа

Мақалада орыс махаббат лирикасындағы «жалғыздық» концептісінің көркемдік көрініс табуы қарастырылады. Көркем мәтіндерді талдау белгілі бір жазушының тұжырымдамлық жүйесінің ерекшеліктерін айқындау арқылы әлемді танудың ұжымдық, ұлттық тәжірибесінің құрамдас бөлігін сипаттауға мүмкіндік береді. Жұмыста «жалғыздық» концептісінің басқаларды жатсынатын, отбасы, туысы, жақыны, пікірлесі, серіктесі жоқ сияқты негізгі белгілермен сипатталатын ұғымдық өзегі анықталады. «Жалғыздық» концептісіне үнсіздік, тыныштық, қараңғылық, жұтаңдану, түс, сөну, өлім сияқты теріс коннотациялы бейнелілік тән екені атап көрсетіледі. Орыс классикалық поэтикалық мәтіндерін талдау негізінде қалыптастырылған концептің эмоциялық өрісіне келсек, орыс адамы үшін жалғыздық – бақытсыздық, бәле болып табылатындығын, сондықтан сын есімнің күшейтпелі, салыстырмалы шырайларымен анықталатынын көрсетті.

Жүктеулер