Түбірге сіңіскен тірі жұрнақтардан пайда болған сөз нұсқалары

Авторлар

  • Л. А. Чалтикенова І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Кілт сөздер:

түбірге сіңісу, сөз нұсқалары, өнімді жұрнақтар, өлі жұрнақтар, туынды мағына, сөз түрлендіру, септік формалар, тәуелдік жалғаулар, морфологиялық нұсқа, морфологиялық синоним, грамматикалық нұсқалылық, әдеби норма.

Аңдатпа

Мақалада түбірге сіңіскен тірі жұрнақтар арқылы жасалған морфологиялық сөз нұсқалары қарастырылған. Септік формалар тірі қосымшалар деп есептелсе, кейде түбір құрамына кірігіп, оның ажырамас бөлігіне айналады. Септік жалғаулары, негізінен, сөз түрлендірушілік қызметті атқарады десек, берілген сөздерде көнеру, кірігу, сіңісу әрекетіне ұшырау арқылы сөзжасамдық синтетикалық қызметті иемденіп, морфологиялық нұсқа жасағандығы нақты мысалдар арқылы қарастырылған. Тілдің дамуы барысында түбірге жалғанған тәуелдік жалғауы көнеленіп, бастапқы түбірмен біріге келіп, бір мағынаны яғни заттық мағынаны бере бастайды. Осы топқа енетін зат есімдер түрлі сөз таптарына тәуелдік жалғауының толық немесе жартылай кірігу әрекеті арқылы пайда болғанын айқындаған.
Сөздің мағыналық сапасын лексика қарастыратын болса, сөздің жасалу құрамы, сөз таптарына бөлінуі мен сөз тіркестері, сөйлемнің қолданылу тұрғысынан нақтыланады.

Жүктеулер

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары