Кәсіби мақсаттар үшін шет тілдерін оқытудың жаңашыл амалдары мен әдістері
Кілт сөздер:
әдістер, амалдар, кәсібилік, мақсаттар, түрткі.Аңдатпа
Аталмыш жұмыстың өзектілігі қазіргі таңдағы өзге тілді мамандықтардағы білімгерлерге шет тілдерін оқытуға қойылатын талаптардың артуына, сонымен қатар кәсіби мақсаттар үшін шет тілдерін оқытуда оқу әрекетін өзбетімен басқаруға даярлықтарын арттыру құралы ретінде өзге тілдік рефлексивті құзіреттіліктерін қалыптастырудағы теориялық және тәжірибелік амалдар мен әдістерді қолдану қажеттілігімен туындайды.
Кәсіби мақсаттар үшін шет тілдерін оқыту қазіргі таңда өте өзекті болып отыр, себебі, білім берудегі өзгерістер мен жаңаша бағыттар оны «адамның еркін дамуы», шығармашылық белсенділігі, жекелігіғ бәсекелестігі, болашақ маманның мобилдігі секілді әрекеттерге бағыттайды.
