Оқытушы мен студент: Екінші (шет) тілде жазу сабағындағы кері байланыс
Кілт сөздер:
Оқытушы кері байланысы, екінші тіл ретінде ағылшын тілі, студенттердің кері байланысты қабылдау денгейі.Аңдатпа
Соңғы онжылдықта екінші тіл ретінде ағылшын тілінде жазу сабағын дәрістеуде оқытушы үшін кері байланыс (feedback) ерекше маңызды рөл атқара бастады. Оқытушы мен студент арасындағы кері байланыстың түрлі аспектілеріне арналған көптеген зерттеулер жүргізілсе де, оқытушы тарапынан ұсынылатын кері байланысты екі жақтың қабылдау деңгейін сараптайтын зерттеулер көп емес. Зерттеудің мақсаты екінші тілде жазу сабағын оқытуда және қателерді түзетуге қатысты оқытушы мен студенттің кері байланысты қабылдауын сараптау болып табылады. Оқытушылар мен студенттердің кері байланысты қабылдау деңгейін зерттеу жұмысы жергілікті университеттердің бірінде сауалнама әдісімен жүргізілді. Сауалнама кері байланыстың түрлері мен санын анықтауға бағытталған. Зерттеудің қорытындысы – оқытушылар студенттердің кері байланысты қабылдау деңгейін толығынан ескергені жөн.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Оқытушы мен студент: Екінші (шет) тілде жазу сабағындағы кері байланыс. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 155(3). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1526
