Сыни тұрғыдан ойлау әдістемесі туралы
Кілт сөздер:
сыни тұрғыдан ойлау, білім, сұрыптау жасау, мәлімет, шешім шығару, бағалау, ынтасын арттыру.Аңдатпа
Қазіргі кезде бұл тақырып шетел тілін оқыту үдерісінде өзекті болып табылады. Студенттерді қандай да бір жағдаятқа немесе құбылысқа дұрыс сұрақ қоя білуге, сонымен қатар өздеріне қызықты сұрақтардың нақты жауабын таба білуге үйретуде оқытушы маңызды роль атқарады.
Бұл мақаланың мақсаты – студенттерде сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыру болып табылады. Студенттер сыни тұрғыдан ойлай білу дағдылары мен іскерліктерін меңгеріп қана қоймай, сонымен бірге берілген мәселеге немесе жағдаятқа нақты дәлелдер келтіре отырып, өз бетімен шешім қабылдай білуге дағдылануы қажет. Бұл мақалада сыни тұрғыдан ойлау әдістемесіне нақты анықтама беріледі, көптеген мысалдар келтіріледі, және студенттердің сыни тұрғыдан ойлау алуы үшін қандай дағдылар мен іскерліктерді меңгеру қажеттігі көрсетіледі. Сыни тұрғыдан ойлау әдістемесінің негізгі құралы болып нақты білім табылады. Нақты білім – бұл білім алушының сыни тұрғыдан ойлай алу дағдысының қалыптасуын қамтамасыз ете отырып, алынған ақпаратқа, жағдаятқа немесе белгілі бір құбылысқа талдау жасай білу қабілеттілігін білдіреді.
Осы қарастырылған мәселелердің бәрін қорытындылай келгенде, студенттерді қалай ойлай білуге үйретуге болады деген сұрақ туындайды. Студенттердің мұндай ойлай білу қабілеттілігі өз кезегінде білім алушылардың интеллектуальды даму үдерісін басшылыққа ала отырып, сыни тұрғыдан ойлау деп аталады.
