Орыс лингвамәдениетіндегі «көк» концептісінің көрініс табуы

Авторлар

  • А. Нагиева Казахский государственный женский педагогический университет

Кілт сөздер:

әлем бейнесі, концепт, концептік ая, менталды бейне, миф, ұлттық тілдік сана, фразеологизм.

Аңдатпа

Мақалада орыс лингвамәдениетіндегі «көк» концептісінің этномәдени ерекшелігі қарастырылады. Халық концептосферасының қоршаған шындықтың нысандары мен құбылыстарын олардың маңызды белгілері бойынша көрсететіні, алайда алынған концептуалды бейнелерді белгілі бір белгінің маңызды/маңызды еместігі, оның көрініс табуы мен қызметі туралы субъектілі түсініктің қабаттарымен қамтитыны айқындалады. Этносты түсінудегі концептің аса маңызды белгілері аясында мифтік ұғымдар құрылып, наным-сенімдер туып, әр түрлі коннотациялар қалыптастырылады. Менталды бейнелердің осы шеңберінің бәрі белгілі бір концепте көрініс табатын лексеманың семантемасына қосылады. Белгілі бір концептерді оқып-үйрену тарихи тұрғыдан қалыптасқан көзқарастарды есепке алусыз мүмкін еместігі анықталады, өйткені олар әлі күнге дейін күнделікті өмірге сенімдер, аңыздар, діни нанымдар, ертегілер, мифтер және т.б. арқылы әсер етеді. Талдау нәтижелері «көк» концептісінің өзегі болып күн, ай, жұлдыз сияқты аспан денелері табылатынын көрсетті.

Жүктеулер