Әлемнің тілдік бейнесіндегі «ит» лингвомәдени концепті

Авторлар

  • С. K. Сансызбаева Казахский национальный университет им. аль-Фараби,

Кілт сөздер:

лингвомәдениеттану, концепт, киноморфизм, әлемнің тілдік бейнесі, ұлттық-мәдени өзгешіліктер.

Аңдатпа

Мақалада әлемнің тілдік бейнесіндегі «ит» концептісін зерттеу мәселелері қарастырылады. Жұмыста қазақ және орыс тілдеріндегі киноморфизмдерді зерттеудегі лингвомәдени аспектілері көрсетілген. Мақалада тіл мен мәдениеттің арақатынасы мәселелеріне ерекше назар аударылады. Болмыстың концептуалды табиғатының екі түрлік мінездемесіне аса назар аударылады: бір шетінен – жалпы тілдерге лайықты, универсалды, екінші жағынан – ұлттық ерекшеліктері бар. «Ит» концепті қазақ және орыс тілдеріндегі жануарлардың ішіндегі жиі қолданылатындардың бірі болып табылады. Қазақ және орыс тілдік санасында «ит» концептілерінің орнын осы тілдің иелері – қазақ және орыс халқының – мәдени, тарихи және діни ерекшеліктерін зерттеу арқылы көрсетіледі. Мәдени ерекшеліктер және ұлттық салт-дәстүр қазақ, орыс паремиологиялық және фразеологиялық бірліктері арқылы көрсетілген. «Ит» киноморфизмнің әр түрлі жүйелі тілдердегі ауыспалы мағынасындағы жағымды және жағымсыз бейнелерінің болуы ұлттық-мәдени ерекшеліктермен байланысты.

Жүктеулер