Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі Иван Щеголихин прозасындағы автобиографизм

Авторлар

  • А. О. Azizova Казахский национальный университет имени аль-Фараби

Кілт сөздер:

автобиографизм, жанрлық ерекшелік, документалды роман.

Аңдатпа

Мақалада Иван Щеголихин шығармаларындағы автобиографизм мәселесі сөз етілген. Соңғы жылдары И.П. Щеголихин автобиографиялық сипаты айқын аңғарылатын роман және повесть жанрында өнімді қалам тартқандығы жөнінде атап өткен жөн. Щеголихин шығармаларында айқын көрініс тапқан автобиографизм мәселесін айшықтай отырып, мақала авторы жазушы қаламынан өнген мәтіннің шығармашылық тарихын қарастыру нәтижесінде қол жеткізуге болатын қаламгердің қайталанбас жанрлық ерекшелігін де назардан тыс қалдырмаған. Мақалада жазушының классикалық реализмнің екі ұстанымын қолданғандығы да сөз болады. Оның бірі – тұрмыс пен болмысты бейнелейтін орыс дәстүрімен, екіншісі – кейіпкердің психологиялық дамуы жайында баяндаудың жалпыевропалық қағидасымен тығыз байланысты. Сонымен қатар, И. Щеголихиннің документалды романының алуантүрлілік ерекшелігін атай келе, осы тұрғыдан оның Достоевскиймен ұқсастығын да атап кеткен.

Жүктеулер