Классикалық, әлемдік және фольклорлық әдеби дәстүрге шығармашылық тәсіл

Авторлар

Кілт сөздер:

фольклор, классикалық әдебиет, А. Кюрчайлы, дәстүр.

Аңдатпа

Автор бұл аталмыш мақаласында А. Кюрчайлының өз поэзиясында дәстүрге шығармашылық тәсілін басты мәселе ретінде көрсетеді. Автор нақтылы фактілерге сүйене отырып, ақын шығармашылығындағы фольклорлық, классикалық және заманауи дәстүрлерді бақылайды және оқырманға А. Кюрчайлы поэзиясының қандай негіздерге арқа сүйеп қалыптасқанын көрсетіп беруге тырысады. А. Кюрчайлы поэзиясындағы фольклорлық дәстүрді бірінші кезекте, оның өлеңдерінің рухынан, негізінен іздеу керек. Өз халқының ұлы ретінде А. Кюрчайлы бұл моральдық-адамгершілік мәселелерге Азербайжан халқының ойлау тұрғысынан, Азербайжан халқының интеллектісі тұрғысынан қарады және сондай шарттар тұрғысынан бағалады. Оның шығармаларында халық ауыз әдебиетімен үндесетін көптеген афоризмдер кездеседі.

Жүктеулер