Кәсіби мақсаттарға арналған қазақ тілінің заң саласында қолданылуы
Кілт сөздер:
заң, термин, терминжасам, кәсіби бағдарлы, сала, қылмыс әлемі, терминдену.Аңдатпа
Бұл мақалада «Кәсіби бағдарлы қазақ тілі» пәні және оның заң факультетінде жүргізілуіндегі өзіндік ерекшеліктері туралы айтылады. Психология,философия, саясаттану, тарих, мәдениеттану сияқты қоғамдық пәндерге қарағанда бұл пән болашақ заң саласы қызметкерлерінің тілдік қорын байытып қана қоймай, мамандығына қатысты мәтін түрлерімен жұмыс істеуді үйретеді және өз жұмысы барысында кездесетін қасаң лексикалық бірліктермен орыс тобындағы студенттерді таныстырады. Заманауи оқу талаптары мемлекеттік тілде мамандыққа қатысты мәтін түрлерімен жұмыс істей білуді қажет ететіндіктен де сөйлеу тілі мен жеке жұмыс істеудіжаңаша тұрғыдан қарастырады. Мемлекеттік тілде ресми құжат тілінен қылмыс әлемі тілі өзіндік ерекшеліктерімен ажыратылады және оларды өз мағынасын сақтап орыс тілінен қазақшаға аударуда қиындықтар да кездеседі.Қылмыс әлемі тілі өзіндік арнайы сөз оралымдары мен жаргондардан тұратындықтан оларды мемлекеттік тілге аудару барысында лингвистикалық заңдылықтарға сүйену қажет, сол сияқты мұндай сөздердің қазақ тілінде де бар екеніне баса назар аударадыЖүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Кәсіби мақсаттарға арналған қазақ тілінің заң саласында қолданылуы. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 155(3). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1563
