«Сахара жібек жолы»-ның қазақ мәдениетінің дамуындағы ерекше орны

Авторлар

  • Zh. Zeinolla Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • N. Sharypkazy Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • А. Nurzhyeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

Сахара Жібек жолы, Қазақстан, Қытай, сауда, байланыстар, мәдениет, этнография.

Аңдатпа

Тарихта бастауын Қытайдан алып, Орталық Азия жерін көктей өтіп, Еуропа елдерімен халықаралық сауданың өрістеуіне өлшеусіз әсер еткен Ұлы Жібек жолының біздің қазақ жері мен мәдениетінің дамуында ерекше орны болды. Сондай-ақ, Орталық Азия халықтарын басқа өңірлермен байланыстыруда үлкен қызмет атқарып тұрды. Сахара Жібек жолы сілеміндегі мәдениеттер ерекше айқын орында көрініп ұлттық бояуын бұзбаған қазақ этнография мәдениеті тағыда бір рет әйгіленед. Әрқандай заттың дамуы түзу сызық бойынша ілгерілеп отырмайды. Сол сияқты «Жібек жолы» саудасы да бірде – өрлеп, бірде – баяулап, кейде тіпті үзіліп қалып отырған. Сол бір жаугершілік замандарда «Жібек жолы» бойында да талай-талай соғыс іздері қалған, кейін адамзат бұрынғы тіршілігін қайта қалпына келтіріп отырған. Дәл сол сияқты «Жібек жолы» саудасының екінші бір дәурендеген кезі – біздің заманымыздың VI-ХІІ ғасырлары, яғни еліміздің Таң дәуіріне тура келеді. Қазақстан дербес мемлекет болып құрылған кезден басап Ұлы Жібек жолының үлкен іздеушісі болып отыр. Бүгінмен ертенді тоғыстырған Сахара Жібек жолы әлемдік өреге көтеріліп жаңаша көрініспен Қытай Қазақ мәдениетін әйгілейді.

Жүктеулер