Этникалық ақпараттар – этностеростереотиптердің түзілуіне түрткі факторлардың бірі
Кілт сөздер:
этникалық ақпарат, этностереотиптер, авто- және гетеростереотиптер, сана-сезім, стереотиптердің қалыптасу механизмі, теріс ықпал.Аңдатпа
Мақалада этникалық ақпараттар этностереотиптердің, оның ішінде, авто- және гетеростереотиптердің пайда болуына, мазмұндық өзгеруіне түрткі факторлардың бірі ретінде қарастырылады. Сондай-ақ, жалпы БАҚ-тың, этникалық қарым-қатынаста маңызды болып табылатын этникалық ақпараттардың оқырман сана-сезіміне оң және теріс ықпалдары зерттеледі. Бұл тұрғыда этникалық ақпарат қамтылған баспасөз материалына берілген комментарийлер дереккөз ретінде пайдаланылады. Ұлттық дәстүрлер туралы тілдік санада қалыптасқан жағымды стереотиптердің бұзылуына жағымсыз мәлімет қамтылған этникалық ақпараттың әсері нақты мысал негізінде талданылады. Этникалық ақпараттардың оқырмандар санасында қазіргі жаһандану үрдісіне сәйкес моделденуі, жағымсыз этникалық мәліметтің ұлттық емес, қоғамдық мәселе ретінде қабылдануына да орай қазіргі қоғам туралы түсініктердің қалыптасу механизмдері көрсетіледі.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Мәдениеттану
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Этникалық ақпараттар – этностеростереотиптердің түзілуіне түрткі факторлардың бірі. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 155(3). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1567
