Ілияс Есенберлиннің «скифтер сағымы» романы аудармасының поэтикасы

Авторлар

  • G. В. Aynabekova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

скиф, сағым, роман, поэтика, аударма, әдебиет, археология, философия.

Аңдатпа

Мақалада қазақ әдебиетінде ерекше орны бар бірден бір жазушы Ілияс Есенберлиннің «Скифтер сағымы» романы аудармасының поэтикасы сөз етіледі. Қазақ әдебиеті тарихында бүгінге дейін ең көп роман жазған жазушының қаламынан туған дүниелері оқырман тарапынан ерекше сүйіспеншілікке бөленген. Бүгінде рухани қазыналарымыздың өзге тілдерге, тіпті бір шығарманың бірнеше тілдерге аударылып, өз оқырмандарын тауып жатқан жайы бар. Соның бірі қаламгер Ілияс Есенберлиннің «Скифтер сағымы» романы. Екі бөлімнен тұратын бұл роман жазушыны өзге бір қырынан танытып, оның ізденісінің кең өрісін байқатады. Тарихқа тоқталып, сонау сақ дәуірінен мағлұмат беретін, археология терминдері басым, табиғатты биік талғаммен, ерекше нәзік сезіммен бейнелейтін бұл шығармаға кез-келген аудармашы жүрексініп, бара бермейтіні белгілі. Десек те, Ю.Домбровский мен Н.Платоновалардың жасаған аударма нұсқасын жаман емес деп бағалауға болады. Қарапайым тілмен, жалпы оқырманға жетік түсінікті етіп берген. Сондай-ақ, әттеген-ай дейтін тұстары да жоқ емес.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Аударма теориясы