Қазақ тілі қосымшаларының морфологиялық вариант жасау моделі
Кілт сөздер:
қазақ тілі, қосымша, жұрнақ, вариант, морфологиялық вариант, модель, инновациялық модель.Аңдатпа
Бұл мақалада сөз варианттарын жасауға қатысатын қазақ тіліндегі қосымшалардың, оның ішінде есім сөздердің варианттарын жасайтын жұрнақтардың ерекшеліктері қарастырылып, инновациялық модель жасау ерекшелігі сөз етіледі. Қазіргі қазақ тіліндегі варианттылық проблемасы тіл білімінің ең маңызды салалаларының біріне жатады. Тіл қоғаммен тығыз байланысты және ол тарих тағлымына да тән. Сөздердің жасалу теориясында да вариант мәселесі қомақты орын алады. Тілдегі варианттылықтың мәні, оның туу жағдайлары мен себептері, даму бағыты мен олардың сөздік құрамға әсері қоғам үшін аса актуалды болып табылады. Себебі, сөз варианттары тілдің байлығы саналады. Өйткені әрбір тілдің қандай дәрежеде дамып, жетілгендігі, оның оралымдылығы варианттар арқылы көрінеді. Қазіргі қазақ тіліндегі тіл мәдениетінің өзекті меселелерінің бірі де сөз варианттарын зерттеу екендігі даусыз.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Жас ғалымдар
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Қазақ тілі қосымшаларының морфологиялық вариант жасау моделі. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 155(3). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1577
