Т. Әбдіков шығармашылығындағы кейіпкер болмысы және авторлық концепция

Авторлар

  • М. М. Bektassov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

Төлен Әбдіков, мистика, авторлық концепция, кейіпкер болмысы, әдебиет, жазушы, фантастика.

Аңдатпа

Мақалада жазушы Төлен Әбдіковтың шығармашылығына кішігірім шолу жасалып, оның шығармашылығындағы кейіпкерлер болмысы авторлық тұжырымдама мәселесі сөз болады. Жазушының қазақ әдебиетіне әкелген соны лебі, мистика, фантастикалық жанрдағы шығармаларының бас кейіпкерлерінің ішкі түйсігі, әрекеттері мен сөздері автордың өзімен тікелей байланыста салыстыра отырып талданған. Әбдіков шығармашылығын зерттеп жүрген ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, өзіндік көзқарастарын ұсынады. Зерттеу мақаласында Төлен Әбдіков замандастарының шығармаларына тақырыптық бөлініс жасалған. Осы арқылы автор, өз зерттеуінің маңыздылығын, ауқымдылығын байқата түскен. Қазақ прозасында өзіндік орны бар жазушының авторлық тұжырымдамасы мақалада талданып, оның заманға, адамдарға деген пікірі, көзқарасы айқындалған. Автор жазушының өзіндік стилін, өзіндік ерекшелігін нақты мысал арқылы көрсетіп, жазушы шығармашылығының алдында өзіндік парызын өтеуге тырысқан.

Жүктеулер