Бауыржан Момышұлының «Курляндия майданы» романындағы портрет пен пейзаж
Кілт сөздер:
портрет, пейзаж, статикалық портрет, динамикалық портрет, психологиялық портрет, метафоралық жүйе.Аңдатпа
Мақалада Б.Момышұлының «Курляндия майданы» романындағы портрет пен пейзаж мәселесі қарастырылады. Шығармадағы портретті талдай отырып автор соғыс кезіндегі адамның сыртқы келбеті мен ішкі болмысының арасындағы ұқсастықтар мен психологиялық өзгерістердің кейіпкердің сырттайғы портретінен де танылатынын романнан нақты үзінділер келтіре отырып талдайды. Бұрын қазақ прозасында бейбіт өмірдегі адам портреттері бейнеленсе, Б.Момышұлының аталған романында алғаш рет алапат соғыс кезіндегі адам бейнесін сомдауы да аталған еңбекте зерттеудің ерекшелігі ретінде көрсетілген. Сонымен қатар уақыт пен кеңістікке байланысты бейнеленетін табиғат суреттерінің астарынан да адам мінезі мен оның көңіл-күйінің өзгерістері аңғарылатыны мақалада салыстырмалы түрде дәлелденеді. Шағын зерттеу еңбекте отандық және шет елдік ғалымдардың портрет пен пейзажға қатысты ой-пікірлері қоса қабат беріліп отырады.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Жас ғалымдар
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Бауыржан Момышұлының «Курляндия майданы» романындағы портрет пен пейзаж. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 155(3). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1580
