Лексикалық интерференцияның лингвистикалық аспектісі

Авторлар

  • А. Т. Әлиакбарова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Д. Б. Рскелдиева әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Н. А. Утемгалиева әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Кілт сөздер:

лексикалық интерференция, лингвистикалық аспектілер, шетел тілін оқыту әдістемесі, лексикалық жүйе, аудармашының жалған достары.

Аңдатпа

Шет тілінің лексикасын тілді үйренушіге меңгерту шет тілдерін оқыту әдістемесіндегі аса маңызды міндеттердің қатарына жатады, себебі шет тіліндегі сөйленіс кезінде лексиканы дұрыс қолдану шет тілді қандай деңгейде білетіндігінің көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Интерференция – ана тілінің немесе бұрынырақ меңгерген шет тілінің ережелер жүйесінің ықпалынан үйреніп жатқан тілдік ережелер жүйесінің өзге жүйемен алмасуы ретінде қарастырылады. Дегенмен, ағылшын тілін оқыту тәжірибесі мен әдістемелік зерттеулердегі деректер бойынша шет тіліндегі лексиканы меңгеру ана тілінің интерференциялық ықпалы арқылы тілді үйренушіге қиындық тудыратыны анықталды. Сондықтан да лексикалық интерференцияны игерудің өзектілігі төменгі курс студенттерімен тілдің лексикалық қорын дұрыс қолдану бойынша оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану қажеттігі нақтыланды. Ана тілінің интерференциялық ықпалын болдырмаудың ең тиімді әдісі шет тілінің лексикалық қорын меңгерудің барлық кезеңдерінде интерференцияны игеру жолдарын тереңірек қарастыру болып табылады.

Жүктеулер

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары