Қашықтан оқыту – заман талабы
Кілт сөздер:
қашықтан оқыту, ақпараттық технологиялар, өзіндік жұмыс.Аңдатпа
Қазіргі уақытта әлемде қоғамның ақпараттық технологияларымен қоса қашықтан оқыту технологиясы мемлекеттің даму көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Бүгінгі күнде қашықтан білім беруді іс жүзінде қолдану мәселесі барлық жоғарғы оқу орындарының мамандарын толғандыруда. Сондай-ақ білім алушыларға болашаќ маман иесі ретінде қарап қоймай білім беру жүйесін ақпараттандыру мен оқу процесінде жаңа технологияларды қолданумен қатар интеллектуалды-рухани, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті, шығармашыл түлекті даярлау бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сондықтан қашықтан оқыту технологиясын оқу үдерісінде пайдалану мәселелері жаңаша көзқарастарды қажет етеді. Қашықтан оқыту – кез-келген білім саласында оқытушы мен білім алушы бірге бола алмаған жағдайда, белгілі бір ара қашықтықта ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану арқылы оқыту тәсілдері қашықтан оқыту білім алушылардың көп жағдайда, кейде, тіпті мүлдем оқытушыдан кеңістік және уақыт тұрғысынан алыста болуымен сипатталады. Қашықтан білім беруде білім беру процесін өзіне ыңғайлы жерде, арнаулы оқу құралдары мен өзіндік сабақ кестесі және оқытушысымен ақпараттық технологияларды яғни компьютер, интернет желісі мен телекомуникация құралдарын пайдалану арқылы байланысу мүмкіндігі бар білім алушының бір мақсатқа бағытталған және бақыланып отыратын қарқынды өзіндік жұмысы құрайды.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Тіл білімі
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Қашықтан оқыту – заман талабы. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 153(1). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1590
