Өзге тілде сөйлеуді үйрету барысында әртүрлі әрекеттер мен тәсілдердің қолданылуы

Авторлар

  • S. B. Kabdrgalinova Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

шын өмірде кездесетін жағдайлар, скаффолдинг, студенттерді белсенді қатыстыру, брэйнсторм.

Аңдатпа

Оқушылар өзіндік сөйлеу қабілеттерін бір-бірімен қарым-қатынас жасау арқылы арттырады. Тіл уйрету кезеңінде, шын өмірде кездесіп тұратын жағдайлардың қолданылуы тәрізді коммуникативтік тәсіл, сонымен қатар оқушылардың бірлесіп үйренуі алға қойған мақсатқа жету үшін өте маңызды. Аталмыш тәсілді қолданған кезде, оқушылардың уйреніп жатқан тілде сөйлеуге мүмкіндігі әлдеқайда артады. Ағылшын тілін үйретушілер үшін негізгі шарттардың бірі, бұл – ағылшын тілінде шын өмірдегідей немесе соған өте жақын деңгейде қарым-қатынас жасайтын ортаның қалыптасуы, бұл ортадағы іс-әрекеттер және тапсырмалар оқушылардың сөйлеу қабілетін арттырады.

Алайда, бұл тапсырмаларды орындау үшін және көздеген мақсатқа жету үшін оқушылардың шағын және үлкен топтарда бірігіп жұмыс жасауы шарт. Қандай іс-әрекеттер өзге тілде сөйлеуді жақсартады? Мақалада негізгі әсерлі іс-әрекеттер қысқаша баяндалған, сонымен қатар тіл үйрену кезеңінде туындайтын қиындықтар мен оларды шешудің жолдары қарастырылған.

Журналдың саны

Бөлім

Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі