Кинесикалық элементтердің ауызша сөйлеудегі берілу жолдары
Түйін сөздер:
кинесика, паралингвистика, арақатынас, бейвербалды кешен, тіл, сөйлеу.Аңдатпа
Соңғы жылдардағы лингвистикалық зерттеулерде әр түрлі халықтардың қарым-қатынасындағы «субъект факторлары» деп аталып жүрген бейвербалды компоненттерді, яғни сөйлеушінің ситуациялық маркерлерді де, сондай-ақ ситуациялық құбылыстарды, мысалы, сөйлеп тұрған сәттегі заттық ортаға әр түрлі қимыл-қозғалыстардың көмегімен көңіл аударту құралдарын зерттеу елеулі орын алады. Ауызекі тіл көпсөзділікке ұрындырмай, айтатын сөзінің бірмәнділігіне қол жеткізуге септігін тигізетін кинесикалық компонентсіз болмайды. Диалогтардағы ым мен ишараның жеке-дара сөздік мағынада қолданылуынескере отырып зерттеушілер ым-ишараттың таза ақпараттық та, сонымен қатар экспрессивті де бай ресурстарын мойындайды. Бұл мақалада авторлар кинесикалық элементтердің ауызекі тілге ауысуының әр түрлі әдістерін қарастыра отырып, фразеологиялық орамдардың мәтіндегі ым-ишараттың берілуінің ең кең тараған тәсілі екендігін, ал ым-ишараттар өз кезегінде фразеологизмдердің мағынасын түсінуге көмектесетінін тұжырымдайды. Бұл ым-ишараттар мен фразеологизмдердің тығыз байланысын көрсетеді.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Тіл білімі
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Кинесикалық элементтердің ауызша сөйлеудегі берілу жолдары. (2016). ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 157(5). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1597







