Қазақстандағы когнитивтік тіл білімі
Кілт сөздер:
Қазақстан тіл білімі, лингвоконцептология, семан¬ тикалық- когнитивтік көзқарас, когнитивтік парадигма.Аңдатпа
Мақалада елімізде соңғы он – он бес жыл аралығындағы жарық көрген когнитивтік зерттеулерге шолу беріледі. Қазақстан тілші ғалымдарының орыс тіліндегі зерттеулері көбі несе концептілерді салыстырмалы талдау, аударманың, қостілді тұл ға тілінің когнитивтік аспектілері т.б. мәселелер аясында шоғырлан ған. Қазақ тіліндегі когнитивтік зерттеулер когнитивтік бірліктерді репрезентациялаудың аксиологиялық аспектілеріне, этномәдениет тік атауларға байланысты тілдің когнитивтік қызметіне, сол сияқты ұлттық ономастикалық кеңістіктің концептуалдық құрылымын, көр кем дискурстағы когнитивтік құрылымдарды, жеке концептілерді талдауға бағытталған. Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік парадигма ның дамуы ХХ ғ. 20-шы жж. А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аман жолов т.б. ғалымдардың тілдік білімнің табиғаты жөнінде ұсынған тұжырымдарынан бастап қазіргі когнитивтік зерттеулерге дейін бес кезеңге бөлініп қарастырылады (Э.Н. Оразалиева).Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Тіл білімі
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Қазақстандағы когнитивтік тіл білімі. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 157(5). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1600








