Қорқыныш эипкалық шығармаларда мифологиялық сарын ретінде (О. Бөкейдің «Айқай» шығармасы негізінде)

Авторлар

  • Н. А. Азадгил Институт литературы имени Низами Национальной Академии наук Азербайджан

Кілт сөздер:

мифологиялық сарын, қорқыныш, ұят, табиғат, бейне

Аңдатпа

Автор аталмыш мақаласында қазақтың көрнекті жазушысы Оралхан Бөкейдің «Айқай» повесі негзінде қорқынышты негізгі ми¬ фологиялық сарын ретінде талдайды. Мифологиялық та, сондай-ақ көркем уақыт тұрғысынан да қорқыныш белгісіз, беймәлім әлемді игерумен байланысты қарастырылады. «Айқай» шығармасындағы беймәлім әлем, бұл – қазақтың қатал табиғаты, тау, дала және т.б. Оралхан Бөкей адамды табу өз шығармашылығының жетістігі деп санаған өткен кеңестік әдебиеттің творчестволық өкілдерінің бі¬ рі. Оралхан Бөкей де кейбір замандас жазушылары сияқты жалған романтикадан, жағымды кейіпкердің идеологиялық бейнесін жасау сияқты нәрселерден алыс болды. Оралхан Бөкей сомдаған кейіпкер¬ лердің негізгі өзіне тән ерекшеліктерінің бірі қатардағы жай еңбек адамдардың бейнесін беруі еді. Оралхан кейіпкерлері шынайы өмір¬ дегі өзімізбен қатар жүріп, тіршілік кешкен қарапайым адамдар.

Жүктеулер