Олжас Сүлейменовтің «Балкон» поэмасы мен Қалыбек Салықовтың аттас фильмдегі лирикалық кейіпкердің өзгешеліктері

Авторлар

  • Н. Т. Кәкішева Казахский национальный университет имени аль-Фараби

Кілт сөздер:

лирикалық поэма, ретро естелік, лирикалық кейіп¬ кер, прозостих, алпысыншылықтар

Аңдатпа

Мақаланың негізгі мақсаты – «Балкон» атты өмірбаяндық поэма¬ дағы Олжас Сүлейменовтің лирикалық кейіпкерді бейнелеудің ерек¬ шеліктерін және аттас фильмде поэма желісін түсіндіруін қарасты¬ ру. Мақала авторы Алматының орталығында жиырма бес жыл бұрын болған оқиғалар туралы баяндаушы лирикалық кейіпкердің ретро естелігі ретінде жазылған Сулейменов поэмасының композициялық және құрылымдық ерекшеліктерін талдайды. «Балкон» зерттеушілер¬ мен шағын лирикалық жанр, лирикалық этюд ретінде қабылданады. Автордың тұрғысынан поэмада элегияның және түп-тамыры қазақ фольклорынан шығатын философиялық толғау жанрының іздері айқын көрінеді. Мақалада поэма сюжетін жүзеге асыруының мәсе¬ лелері қарастырылады, ХХ ғасырдың 60-жылдар замандастарының рухын жеткізетін фильм мақамы, кейіпкерлердің негізгі әрекеттерін талдайды.

Жүктеулер