Терминдік жүйе динамикалық құрылымы ретінде

Авторлар

  • A. A. Shaheen Казахский гуманитарно-юридический университет

Кілт сөздер:

терминдік жүйе, терминжасам жолдары, терминдер, динамикалық құрылым.

Аңдатпа

Терминдердің жасалуы жан-жақты зерттелгеніне қарамастан, қазіргі заманғы тіл білімінің басты мәселесі болып отыр. Тәжірибе көрсеткендей, әр саладағы терминологиялық белсенділік жаңа ұғым жасалатын саланың өнімділігімен байланысты. Терминдік жүйе жетілу мен дамуға бейім динамикалық құрылым ретінде өзінің қалыптасуының әр кезеңінде ұғымдардың тілдік тұрғыда тұрақталған жиынтығы түрінде көрінеді. Л.Н. Гумилев құрастырған терминдік жүйе мағыналары жақын ұғымдардың өзіндік ерекшеліктерін беруге арналған номинативтік құралдардың кең ауқымын қамтиды. Л.Н. Гумилев еңбектеріндегі терминдер жаңа объектілер мен құбылыстарды белгілеу үшін ғана қолданылып қоймай, білімді байытуға да қатысады. Л.Н. Гумилев терминдері белгілі заңдылықтарға бағынып құрастырылған. Ол терминжасамның барлық нұсқасы ішінен атау берілетін зат немесе құбылыстың мәнін анағұрлым дәл ашатын нұсқасын таңдап алады. Олай болса, нақты терминнің мағынасын саралау жүйелік түсініктер мен лексикалық бірліктерді зерттеуді қамтитын когнитивтік талдау негізінде ғана жүзеге асады.

Жүктеулер