Елдіктің жыршысы

Авторлар

  • З. Н. Сейітжанов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • А. А. Оспанова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

өлең-толғаулар, бодандық, қарсылық, елінің еркінді¬ гі, зар заман ақындары, идеялық-тақырыптық, адамгершілік-иманды¬ лық, жақсылық-ізгілік, мұсылмандық парыз-қарыздар, діни-ағартушы.

Аңдатпа

Мақалада ХІХ ғасырдың екінші және ХХ ғасырдың бірінші жар­ тысында өмір сүріп, артына қыруар мұра қалдырған Ақыт Үлімжіұлы Қарымсақовтың шығармашылығы қарастырылады. Ақыт мұралары­ ның бірнеше томы Қытай, Монғолия, Түркия және Қазақстанда жа­ рық көрген. Көптеген өлең-толғауларында ақын бодандыққа қар­ сылық білдіріп, елінің еркіндігін жырлаған. Мақалада ақынның бұл қыры зар заман ақындарымен салыстырыла зерделенеді. Алдымен оның өлең-толғаулары идеялық-тақырыптық жағынан талданып, білім-ғылымнан артта қалған елінің озық елдердің қатарына жету­ ге үндегені айтылады. Ақынның енді бір қыры жақсы мен жаманды шендестіре жырлап, қайткенде адам деген атты ардақтауға болады дейтін мәселені көтергені айтылады. Басқаша айтқанда, адамдарды адамгершілік-имандылыққа, жақсылық-ізгілікке үндеуі нақты мы­ салдарға сүйене отырып сараланады. Сондай-ақ шариғат жолдарын бұзбай, мұсылмандық парыз-қарыздарды орындап отыру керектігін айтатын өлеңдері де талдау нысанасына айналған, яғни Ақытты діниағартушы ретінде де қарастырған.

Жүктеулер

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары