Ұлттық әдебиеттану ғылымындағы әдеби ағымдар мәселесі
Кілт сөздер:
натурализм, ағым, қазақ әдебиеті, әдебиеттану ғы¬ лымы, көркем шығарма, әдебиет зерттеушісі, деталь.Аңдатпа
Мақалада натурализм ағымының қазақ әдебиетіндегі орны мен ұлттық әдебиеттану ғылымындағы зерттелуі сарапқа салынады. ХІХ ғасырдың соңында Батыс Еуропада пайда болып, кейінен әлемнің басқа елдеріне тарап, Ресей арқылы қазақ әдебиетіне де өз әсерін тигізген натурализм ағымының ұлттық әдебиеттану ғылымында зерт телуі мен көркем шығармаларда көрініс табуы жан-жақты зерделене ді. Тамырын тереңге жая алмағанымен қазақ әдебиетінде натурализм жоқ деуге болмайды. Сондай-ақ осы мақалада қазақ әдебиеттану ғылымында натурализм туралы елеулі пікір айтқан ғалымдарымыз Е. Ысмайлов, М. Қаратаев, Т. Кәкішев, Р. Нұрғали, тәуелсіздік кезе ңіндегі зерттеуші ғалым Ж.Жарылғаповты т.б. әдебиет зерттеуші лердің натурализм туралы айтқан пікірлері қарастырылды. Сонымен қатар натурализм ағымының адам тұлғасына биологиялық тұрғыдан үңілу, тұрмыстық детальдарға аса үлкен мән беру, ол детальдардың аллегориялық астарын пайдалану, тілдің түсініктілігімен шынайылы ғын қатаң қадағалау, сол арқылы шығарманың публицистикалық маз мұнын арттыру сияқты мәселелері сөз етілді.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Әдебиеттану
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Ұлттық әдебиеттану ғылымындағы әдеби ағымдар мәселесі. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 157(5). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1624
