Азиз Джафарзаде көркем шығармаларының тілі
Кілт сөздер:
фольклоризм, шығармашылық, жазушы, Азиза Джафарзаде.Аңдатпа
Азербайжан халық жазушысы Азиз Джафарзаденің көркем шы ғармаларында фольклорды көп пайдалануы, бәрінен бұрын, жазу шының халық өміріне, тұрмысына тығыз байлаулы болуымен бірге, халық өмірі туралы терең білім мен ойлауының молдығынан деп біле міз. Барлық кейіпкерлер бейнесін саралайтын болсақ, фольклорлық элементтер сарынынан көріп отырғанымыздай, бәйіттерді, мақалдар мен мәтелдерді, жаңылтпаштарды жазушы ойды толықтыру үшін, сюжеттік детальдарды ашу үшін, кейіпкер бейнесін беру сияқты белгілі бір мақсаттармен қолданған. Халық ауыз әдебиетінің жанр лары мен үлгілерін пайдалана отырып жазушы шығармасына көркем тіл, күшті характер, романтикалық көңіл-күй сыйлады. Шығарманың көркемдік шешім табуын байытты. Көркем шығармадағы таңдалған кейіпкер бейнесінің жекелеген сипаттары мен белгілерін жалпылан дыра отырып, жазушы өзіндік сипаттаулар мен портреттік түрлерді жасап шығарды.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Әдебиеттану
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Азиз Джафарзаде көркем шығармаларының тілі. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 157(5). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1625








