Қазақ тілін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану

Авторлар

  • N. Zh., Kurman М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиал
  • К. К. Turarova М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиал

Кілт сөздер:

инновациялық технологиялар, ғаламтор, сайт, он¬ лайн сабақтар, виртуалдық білім беру, оқу телевизиясы.

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақ тілін жоғары оқу орындарындағы өзгетілді аудиторияда оқыту үдерісіндегі инновациялық технологияның ма¬ ңызы қарастырылады. Қазақстандық жоғары білім беру жүйесінің алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі – мамандарды даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырысты сапалы деңгейде орындау жо¬ лындағы жаңашыл ізденістер мен білім берудің инновациялық тех¬ нологияларын енгізу. Инновациялық бағытта қызмет етіп жатқан жоғары оқу орындарының ерекшеліктері, түрлері аталып көрсеті¬ леді. Мақалада ғаламтордың сабақта қолданатын екі қыры туралы айтылады. Сайттар арқылы ғаламтордың компьютерлік-телекомму¬ никациялық мүмкіншіліктерін сабақ барысында пайдалану жөнінде ұсыныстар беріледі. Мақалада онлайн сабақтарының тиімділігі сабақ үлгісі негізінде көрсетіледі. Қашықтан оқыту технологиясының мүм¬ кіншіліктері, тиімділігі, қазіргі жағдайы, туындап отырған мәселелері туралы баяндалады. Қашықтан оқыту технологиясының тиімділігінің ерекшеліктері қарастырылады. Сонымен бірге авторлар мақалада оқу телевизиясынының қазақ тілін оқытудағы орны туралы айтады. Мақалада оқу телевизиясына анықтама берілген. Қазақ тілін терең¬ дете және екінші тіл ретінде оқытуға арналған сайттарды пайдалану туралы кеңестер берілген. Қазақ тілін оқытуда инновациялық техно¬ логияларды қолдану мәселесі – барлық мүмкіндік пен жаңалықтарды қазақ тілін сапалы үйрету жүйесіне енгізудің тиімді жолдарын қарас¬ тыру міндеті.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары