Музыкалық қабылдау барысындағы таңба мен нышанның ролі

Авторлар

  • С. Т. Балагазова Казахский национальный педагогический университет им. Абая
  • С. С. Джансеитова Казахская национальная консерватория имени Курмангазы
  • Г. К. Берекешев Казахская национальная консерватория имени Курмангазы

Кілт сөздер:

музыкалық туындыны қабылдау, бейне, символ, таңба.

Аңдатпа

Музыка – дауыс өнері, уақыт ішінде өріс алатын өнер. Дауыстар өзінің символдық мәні бар дауыстық құрылымдарға арнайы құры¬ лып, ұйымдастырылған. Музыкалық туындыны, оның мәнін қабыл¬ дауға нышандар әсер етеді. Музыкалық туынды тыңдаушыға белгілі бір мағыналық белгіні (мәнмәтін) жеткізетін элементтерден құрыла¬ ды. Музыкалық туындыны қабылдағанда тыңдаушыға жеткізілетін барлық түрлі сигналдар өңделіп, таңбаларға айналады, бұлар өз ке¬ зегінде символдарға дамуы мүмкін. Музыкалық туындыны қабылдау адамның санасында дауыс құрылымдарының көрсетілуімен сипатта¬ лады, бұл ретте ол көркемдік мәнді музыкалық өнер қамтитын ақи¬ қатты көрсетудің аса бір формасы ретінде ұғынып, түсінуге бағыт¬ талған.

Жүктеулер

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары