Руханият өз тағдырыңның мәнін түсінудің ізгі қажеттілігі ретінде

Авторлар

  • G. M. Zhaxymbetova Казахский национальный консерватории имени Курмангазы

Кілт сөздер:

руханият, инабатты болмыс, құндылық, тіршілік әрекетінің бағдарлары.

Аңдатпа

Руханиятты адамның өзінің тұтастығын, қоршаған ортамен тығыз байланысын сезу және түсіну деп анықтауға болады. Біз бұл анықта¬ мада руханиятты екі деңгейге бөлеміз – сезу және ұғыну және өзінің ішкі әлемі мен қоршаған әлемнің тең құндылығын және тығыз бай¬ ланысын түйсігімен сезетін оқымаған адам да рухани бола алады деп есептейміз. Әлеммен өз қарым-қатынасын бұл адам қорқыныш пен зорлыққа негізделіп емес, махаббат, жанашарлық және рақымды¬ лыққа негізделіп құрады. Ұғыну деңгейінде руханиятқа адам тәрбие¬ леу, білім алу және өзін тәрбиелеу барысында әлем туралы бар білі¬ мін синтездеп, оның барлық көріністерінің терең байланыстарының мәнін түсінгенде қол жетеді. Руханият анықтамасы барлық нәрсенің діни тұтастығына сенімді еске алусыз толымсыз болар еді. Діннің ролі, адамның инабаттылығын реттеудегі оның мәні адамның дам¬ уының өтпелі мерзімінде маңызды рөл атқарады. Өз адамгершілігін реттеуде сезімдер жеткіліксіз, өмірлік жағдайларға байланысты әлем тұтастығын түсінбеген немесе ол ұғымға қол жетпеген жағдайда, се¬ нім адамға әлеммен шынайы инабатты қатынас орнатуға көмектесе¬ тін бірден-бір қайнар көз болып табылады.

Жүктеулер