Би және ойлау

Авторлар

  • М. Е. Makan Казахский национальный академии искусств имени Т. Жургенова

Кілт сөздер:

би, ойлау, хореографиялық ойлау, заттылық, плас¬ тикалық диалект, би философиясы, тану, балет, модерн.

Аңдатпа

Бұл мақалада ойлаудың даму тарихына және оның басқа да би жанрлары мен түрлерінде көрініс табуына шолу жасалынған, соны¬ мен қатар XX-XXI ғ.ғ. отандық және шетел зерттеушілерінің фило¬ софиялық тұжырымдамаларындағы осы байланыстың рефлексиясы талданған. Тану түрлерінің арақатынасы мен оның пластикалық іске асырылуы хронологиялық түрде мифологиялық сана-сезімнен қа¬ зіргі заманауи түрлеріне дейін баяндалған. Мақалада, сонымен бір¬ ге, «сюжеттілік», «сюжетсіздік», «еркін би» ұғымдары және олардың хореографиялық артықшылықтары қарастырылады. Автор әр түрлі би теорияларын жүйеге келтірген: когнитивті, биологиялық, ғарыш¬ намалық, әлеуметтік, әсемритмді. Зерттеу жұмысында би қимылда¬ ры мен қарапайым әмбебап қимылдар арасындағы айырмашылық факторлары, көркемдеу мен сюжеттеудегі әннің рөлі түсіндіріледі, ойлаудың циклдық дамуы және оның қайта таныстырылуының хо¬ реографиялық түрлері болмысты философиялық ұғынудың тарихи кезеңдеріне сәйкес ашық көрсетілген. Эстетикалық ойлаудың ілге¬ рілемелі қозғалысы және оның жеке көрінісінің – көркем ойлаудың түрлері бейнелер жүйесі арқылы бақыланған.

Жүктеулер