Адамдардың жас ерекшелігіне байланысты «қоңыр» түсінің ассоциациялануының лингвомәдени ерекшелігі
Кілт сөздер:
ассоциация, түр-түс атаулары, қазақы таным, түртүстің ассоциациялануы.Аңдатпа
Мақалада қазақы танымға сай «қоңыр» түсінің ассоциациялануы қарастырылған. Түр-түстердің ықпалы қазақ мәдениетінде көптеген жайттардан: көшпенділіктен, тұрғылықты өлкеден, әлемді кеңістікбейне тұрғысынан қабылдаудан, ежелгі діни және мәдени ерекшелік тері, сондай-ақ қазақтарда түр-түсті қабылдаудағы психологиялық аспекттен көрініс табады. Дегенмен, бұл тақырыпта сөз қозғамас бұрын, алдымен түр-түс терді зеррттеуді жеке өз алдына ғылым ретінде тану – көптеген ма мандармен мойындалмай жүргендігін айта кеткен жөн. Бұл отандық көлемдегі дәйек қана емес, жалпы әлемдік филология ғылымның критерийлеріне сай еместігінің дәлелі. Әлбетте, кез-келген ең жеңіл деген әрекеттің өзі теорияға негізделеді. Бұл – бүгінгі таңда түр-түс тануды ғылыми-теориялық негіздеу және нығайтуды өзекті мәселеге айналдыру қажеттілігін туындатып отыр.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Жас ғалымдар
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Адамдардың жас ерекшелігіне байланысты «қоңыр» түсінің ассоциациялануының лингвомәдени ерекшелігі. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 157(5). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1643








