Шетелдегі қазақ баспасөзі

Авторлар

  • А. М. Картаева Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
  • А. М. Сагатбекова Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Кілт сөздер:

қазақ баспасөзі, журналистика, шетелдергі БАҚ, бұқаралық ақпарат құралдары, мерзімді басылымдар, қазақ телеар¬ налары, қазақтілді басылымдар.

Аңдатпа

Мақалада шетелдегі қазақ баспасөзінің ұлттық журналистика та¬ рихындағы орны, атқарып келген қызметі, қазіргі жағдайы, келешек¬ тегі бағыт-бағдары мәселесі қарастырылады. Қазіргі күні қоғамдағы тәрбиенің басты құралына айналған қазақтілді БАҚ-тың шетелдердегі жай-күйі сөз болады. Зерттеушілердің мәліметі бойынша қазіргі кезде әлемнің 40-тан астам мемлекетінде үш жарым миллиондай қазақ өмір сүріп жатқаны айтылады.Қытайда ең алғашқы қазақ газеті 1930 жылы жарық көрген. Одан кейінгі баспасөздің дамуы 1949 жылдан басталса, қауырт дамуы 1982 жыл делінген. 2001 жылдары қазақ тілінде он¬ шақты журнал, жиырмаға тарта газет шығып тұрған. Шетелдердегі бұ¬ қаралық ақпарат құралдары ішінде Түркия, Өзбекстан, Монғолияның Баян-Өлгий аймағындағы баспасөздің алған беті мен бағытынаталдау жасалады. Мақала авторлары шетелдегі қазақ журналистикасының болашақта да өз жолынан таймай, сондағы қазақ қауымы үшін жұмыс атқара берсе деген тілек білдіреді. Әлем қазақтарының арқа сүйер жалғыз Отаны – Қазақстан мемлекеті деп қорытындылайды.