Шетелдік студенттерді қазақ және орыс тілдеріне проблемалық оқытудың түрлері
Кілт сөздер:
ауызша тілдесу, типтік диалог, проблемалық оқы¬ ту, тілге бейімдеу, коммуникативтік, құзыреттілік.Аңдатпа
Бұл мақалада жалғастырушы деңгейдегі шетелдік студенттер ді қазақ және орыс тілдерінде тілге бейімдеу сабағында оқытудың проблемалық түрлерін қолдану мәселелері қарастырылады. Ма қалада шетелдік студенттердің қазақ және орыс тілдерінде ауыз ша тілдесу құзыреттіліктерін қалыптастырудың түрлі әдіс-тәсілдері қарастырылады, шартты және шынайы жағдаяттардың қолданылуы талданады, ауызша тілдесу дағдыларын дамыту үшін ұсынымдар бе ріледі. Қазақ және орыс тілдерін оқитын шетелдік студенттердің сөй леуін қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Сөйлеу үшін қажетті жайттардың арасындағы жағдаят мәселесіне және оның компонент теріне назар аударылады. Оқу үдерісі барлық шынайы жағдаяттар ды көрсете алмайды, сондықтан да шынайы тілдік қатынасқа жақын коммуникативтік оқу жағдаяттарының үлгілері ұсынылады. Мақалада оқудың түрлі кезеңдеріне тиесілі түрлі әдістемелік ұсыныстар беріл ген. Айтылымның тілдік қана емес, сондай-ақ мазмұнды жағына да назар аударылады. Сөйлеуге үйрету үшін көрнекі нысандар, диалог тар мен мәтіндерді қолдану ұсынылады. Мақалада ұсынылған жат тығулардың жүйесі ауызша сөйлеуді дамытуға көмектеседі. Мұнда ең алдымен айтылымның туындауы, оның коммуникативтік мәні мен тілдің нормасына сай келуі дамытыладыЖүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Шетелдік студенттерді қазақ және орыс тілдеріне проблемалық оқытудың түрлері. (2016). Eurasian Journal of Philology Science and Education, 158(6). https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1664
